Суға батып бара жатқан қызды құтқармақ болған жігіт өмір бойы арбаға таңылды
Арнұр қыз баланы құтқара алмаған. Десе де, оқыс жағдай оның өміріне де түбегейлі әсер етті. "Ойнап жүрген қыз бала еді. Суға батып бара жатқанын көріп, соңынан мен де секірдім. Сол кезде су астындағы баллонға басым соғылып, денемді толық сезбей қалдым. Бұл өте ауыр кезең болатын. Алғашқы екі-үш жылда мүлде қиын болды. Арманыңның тас-талқаны шығады. Не істеріңді білмей қаласың. 23 жастамын, университетте алтыншы курста оқитынмын. Бірақ сол кезде мені әке-шешем мен жақындарымның қолдауы алып шықты. Қыз баланы құтқара алмадым. Десе де, бұл менің тағдырым. Тағдырым деп қабылдадым, ризамын. Өкінбеймін", - дейді Арнұр. Арнұр бүгінгі таңда "Қанаттылар" театрын басқарып отыр. "Театрымызда елу адам жұмыс істейді. Оның ішіндегі отыз адамның мүгедектігі бар. Бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек жандар ойнайды. 2018 жылғы халықаралық фестиваль біздің қойылыммен ашылды. Қарқынды жұмыс істеп келеміз", - дейді Арнұр.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
20 шілде 2026
20 шілде 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар