Өзбекстан президенті Мирзияевтің қызы мұғалімдерді артық жұмыстан құтқаратын жоспарын жариялады

Өзбекстан мұғалімдерді тікелей міндетіне жатпайтын жұмысқа жеккені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заң қабылдауы мүмкін.Бұл жөнінде президент әкімшілігінің байланыс және ақпарат саясаты бөлімінің меңгерушісі, Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзяева айтты."Қазіргі кезде мұғалім - мемлекеттік мерекеде қызмет көрсетуші, үй аралап статистика жинайтын тегін қызметкер, бау-бақша егуші, еден жуушы, комиссияны қонақ қылатын официант және аспаз, ешкімге керегі жоқ іс-шаралар кезінде залды толтырып отыратын адам, халықтан салық пен төленбеген кредиттің ақшасын жинаушы, баспасөзге мәжбүрлеп жазғызушы, мектептің күзетшісі, түнгі кезекшісі және әлдекімнің тәрбиесіз баласына да жауап беруші", – деген Мирзияева "Сонда сабақты кім береді? Мына күйде білімді қалай дамытамыз?" деп сөйлеген.Алайда Саида Мирзиява мұғалімді қорғайтын жаңа заң қашан қабылданатынын айтпаған. Бірақ Мирзияева мұндай бастаманы өткен айда көтерген.Саида Мирзиява қазіргі қызметіне қараша айында тағайындалған.Президенттің қызы басқаратын, жаңадан құрылған сектор қоғамдық ой-пікір мен ақпарат саясатын зерделейді. Мирзияева әлеуметтік саладағы, мәдениет және білім саласындағы реформаларды да бақылайды.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар