Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оңтүстік Шығыс Азияда құлдықта болған Қазақстанның 14 азаматы босатылды

inform.kz

Оңтүстік Шығыс Азияда құлдықта болған Қазақстанның 14 азаматы босатылды

«Былтырғы маусым айынан қазіргі уақытқа дейін Таиландтағы елшілігіміз Қазақстанның 14 азаматына көмек көрсетті. Оларды мәжбүрлі түрде жұмысқа салынған. Сонымен қатар бұл адамдар Мьянма мен Лаоста болғаны анықталды», - деді А. Смадияров. Осы орайда ол шетелге барғысы келетін еліміздің азаматтары көбіне алданып қалатынын айтты. «Көбінесе біздің азаматтар шетелге жоғары жалақыға қызығып жұмысқа барады. 2-3 мың АҚШ долларына дейін айлық төлейміз деп компаниялар шақырған кезде, адамдар шарттың мазмұнына мән бермей жатады. Соның салдарынан кейін қиын жағдайға тап болады. Шетелге барар алдында бүкіл құжатты мұқият қарап шығуға кеңес береміз», - деді ресми өкіл. Бұдан бұрын хабарланғандай, – Мьянмада құлдықтан босап шыққан Қазақстаның екі азаматы елге жеткізілді. Фото: api.theins.info
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар