АҚШ президенті Украинаға америкалық танкілер беретінін мәлімдеді

АҚШ Украина армиясына Америкада өндірілген М1 "Абрамс" сериялы танкілердің 31 данасын береді. Оларды жеткізу бірнеше айға созылуы мүмкін. АҚШ президенті Джо Байден 25 қаңтарда осылай деп мәлімдеді.Байден сәрсенбі күні таңертең Германия, Ұлыбритания, Франция және Италия басшыларымен сөйлескенін жеткізді. Олар Украинаға көмек қолын созуды жалғастыра беретінін, қосымша ауыр техникалар берілуі тиіс екенін, соғыс ұзаққа созылып бара жатқанын айтқан.АҚШ сонымен бірге НАТО елдері беретін танкілерді қолдануды украин әскеріне үйрететінін мәлімдеді.Байден "Леопард" танкілерін беруге рұқсат бергені үшін Германияға алғысын жеткізді. Байденнің айтуынша, Украина 50 шақты "Леопард" танкісін алады.АҚШ президенті НАТО елдерінің күш жұмсауы Ресейге қауіп төндірмейді, олардың мақсаты тек Ресейдің Украинаға агрессиясын тоқтату деді.Германия сәрсенбі күні Украинаға 14 "Леопард-2" танкісін беретінін мәлімдеп, өзге елдерге немістер өндірген танкілерді реэкспорт жасауына рұқсат берді. Осының алдында Польша, Нидерланд және Испания елдері қорында тұрған "Леопард" танкілерін Украинаға беруге дайын екенін, ол үшін Германия рұқсат етуі тиіс екенін жеткізген.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар