Полицейлер тұрғынның ұялы телефонын тартып алған күдіктіні анықтады
Түркістан қалалық полиция басқармасына жас жігіт арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, түнгі сағат 01:00 шамасында оған қалалық саябақтардың бірінде белгісіз біреу шабуыл жасаған. Яғни, ұялы телефоны мен ақшасын күшпен тартып алған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы "Тонау" бойынша тіркелді. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден асты. Оқиға орнына бірден Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері келіп, куәлардан жауап алып, жақын маңдағы аумақтарды аралады. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, аз уақыт ішінде күдіктіні анықтады. Ол бұрын дәл осындай тонау қылмысы үшін сотталған жергілікті тұрғын болып шықты. Сезікті ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
15 наурыз 2026
15 наурыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар