Оралда 22 жастағы бойжеткен 9 қабаттан секіріп кетті
Орал қаласында 22 жастағы қыз 9 қабатты үйдің төбесінен секіріп кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше түсте болған. «Жедел жәрдем сағат 13:17-де шақыртылды. 2001 жылғы қыз 9-қабаттан секіріп кеткен. Көптеген жарақат алып, жедел жәрдем барған кезде қайтыс болып кетті», - деп хабарлады ведомстводан. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, ҚР ҚК 105-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұм Теректі ауданында туып-өскен. Кейінгі уақытта Орал қаласында жұмыс істеп жүрген. Сол күні таныс қыздары тұратын үйге барып, осындай жағдайға тап болған.
- Соңғы
- Тамыз, 04
-
- Шілде, 31
-
- Сәуір, 05
-
- Қараша, 27
-
- Қыркүйек, 27
-
- Қыркүйек, 20
-
-
- Қыркүйек, 11
-
- Қыркүйек, 07
-
- Қыркүйек, 06
-
-
- Тамыз, 31
-
-
-
-
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
6 қазан 2026
6 қазан 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар