Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Важные истории": Ресейдің жекеменшік әскери компаниясы Украинадағы соғысқа әйелдерді тартуға кірісті

azattyq.org

Важные истории: Ресейдің жекеменшік әскери компаниясы Украинадағы соғысқа әйелдерді тартуға кірісті

Ресей қорғаныс министрлігінің бақылауындағы жекеменшік "Редут" компаниясы Украинадағы соғысқа әйелдерді тарта бастаған. Мұны "Борз" деп аталатын батальонды мысалға ала отырып, "Важные истории" басылымы жазған. Журналистер әйелдердің осы батальонға шақырылып жатқанын әлеуметтік желілердегі хабарлардан байқаған.Басылым мәліметінше, әйелдерге айына 220 мың рубль жалақы төленеді, алты айға келісімшарт жасалады. Жараланса - үш миллион, өлсе - бес миллион рубль өтемақы төлейтіні көрсетілген.Келісімшартқа қол қоятын әйелдің әскери тәжірибесі болғаны міндетті емес. Соғысқа барғысы келетін әйелдерді бір айда оқытып шығаруға уәде берген."Борзға" әйелдерді шақырып жүрген адамның журналистерге айтуына қарағанда, осы батальон ішінде мергендер мен дрон операторларынан құралатын отряд болады. Лақап атын "Веста" деп көрсеткен адам "мақсатым - әйелдер сорпа істеп, бала туу үшін ғана жаралмағанын дәлелдеу" деген.Бұл бағдарламаға қатысушы Донецк тұрғыны Юлия Шеремет пен Орал тұрғыны Наталья Никонорова "Борз" құрамында дайындықтан өтіп жүргенін растаған.Бұған дейінгі көптеген журналистік зерттеулер Украинадағы соғыста Ресей жауынгерлері зор шығынға ұшырап жатқанын көрсеткен.Азаттық радиосы Орыс қызметінің зерттеуіне қарағанда, "Борз" батальоны Ресей қарулы күштері бас штабының бас басқармасы бақылауындағы "Редут" деп аталатын жекеменшік әскери компанияға кіреді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар