Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей Украинаға басып кіргелі Еділ бойындағы ұлттардың 7 мыңнан астам адамы өлген. Көбі Башқортстаннан

azattyq.org

Ресей Украинаға басып кіргелі Еділ бойындағы ұлттардың 7 мыңнан астам адамы өлген. Көбі Башқортстаннан

Ресей Украинаға басып кіргелі бері Еділ бойындағы ұлттардың кемі 7 074 адамы өлген. "Idel.Реалии" соғыс басталғалы өз есебін жүргізіп келеді.Өлгендердің басым көпшілігі — Башқортстаннан (983 адам). Екінші орында — Самара облысы (923 адам). Тізімге жекеменшік "Вагнер" әскери компаниясының құрамына кірген Еділ бойының 252 адамы да қосылған. Олар туған жеріне жеткізілмей, Самара түбіндегі Николаевка кентінің қорымына жерленген. Оның көбі Самара тумалары, қалғаны Еділ бойының өзге аймақтарынан.Өлгендер бойынша үшінші орында — Пермь аймағы тұр (713 адам).Орынбор облысы — 637 адам;Татарстан — 632 адам;Саратов облысы — 616 адам;Нижегород облысы — 506 адам;Удмуртия — 354 адам;Ульянов облысы — 325 адам;Киров облысы — 320 адам;Астрахань облысы — 274 адам;Чувашия — 265 адам;Марий Эл — 236 адам;Пенза облысы — 186 адам;Мордовия — 106 адам.Тізімге Ресей билігі немесе өлгендердің туыстары мойындап, таныған адамдардың аты-жөні ғана енген. Шын мәнінде өлгендер мұнан әлдеқайда көп болуы мүмкін.Украинаға жаппай басып кіргелі "Би-би-сидің Орыс қызметі" мен "Медиазона" есебінше 7 шілдеге дейін Ресей 27 423 адамынан айырылыған. Бұл басылымдар да "Idel.Реалии" секілді ашық деректермен жұмыс істеген.Ресей қорғаныс министрлігі Минобороны өлгендер саны туралы мәліметті соңғы рет 2022 жылы 21 қыркүйекте жариялаған. Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың сөзінше, сол кезге дейін Ресейдің 5937 әскери қызметкері өлген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар