Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

18 жасқа толған Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы лауазымды қызметке тағайындалды

azattyq.org

18 жасқа толған Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы лауазымды қызметке тағайындалды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы Ахмат республиканың дене шынықтыру, спорт және жастар саясаты жөніндегі министрдің орынбасары болып тағайындалды. Бұл жөнінде "Кавказ.Реалии" сайты жазды.Тағайындау туралы ресми түрде хабарланбады, алайда бұл жөнінде Рамзан Қадыров әлеуметтік желіде пост жариялап, кезекті марапаттау туралы айтқан."Шешенстан парламентінің төрағасы Магомед Даудов салтанатты рәсім кезінде дене шынықтыру, спорт және жастар саясаты жөніндегі министрдің бірінші орынбасары Ахмат Қадыровты, Шешенстан басшысының көмекшісі Эли Қадыров және Адам Қадыровты Шешенстан парламентінің жоғарғы орденімен марапаттады" деп жазды Рамзан Қадыров жазбасында.Дегенмен Шешенстан республикасының спорт министрлігінің сайтында Ахмат Қадыров министрдің бірінші орынбасары екені жазылмаған. Оның орнында Хусейн Абдулкаримов деп тұр. Алайда "Кавказ.Реалии" сайты зерттеген ресми жарлықта 8 қарашада Хусейн Абдулкаримов спорт министрінің орынбасары қызметіне төмендетілгені жазылған. Сол күні Ахмат Қадыров 18-ге толған. Ресейдің мемлекеттік қызметі туралы федералдық заңнамасына сәйкес, кәмелетке толған адам лауазымды қызмет атқара алады.9 қарашада Қадыровтың үш ұлы – Ахмат, Эли және Адам Шешенстан парламентінің жоғары орденімен марапатталған. Бұған дейін волгоградтық Никита Журавельді тергеу абақтысында ұрып-соққан 15 жастағы Адам Қадыров осымен алтыншы рет мемлекеттік орденмен марапатталып отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар