Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Әйеліңе тоятың қанбай...»: Сәуле Әбілдаханқызы жезөкшеге баратын ер адамдарды сынға алды

paryz.kz

«Әйеліңе тоятың қанбай...»: Сәуле Әбілдаханқызы жезөкшеге баратын ер адамдарды сынға алды

«Сенің отбасыңның бұзылғанына жезөкшенің түк кінәсі жоқ. Нәпсіңе ие бола алмаған, әйеліңе тоятың қанбай жезөкшеге барған, бала-шағаңа, әйеліңе қимаған ақшаны жезөкшелерге шашқан, жезөкше еркекке айналған өзің ғана кінәлісің!

Еркектік қуатың асып, ақшаң тасып бара жатса, жетім-жесірді жарылқа, қайырымдылықпен айналыс, тіпті, екінші әйел ал да, жағдайын жасап, бала туғыз.

Әр қатынның етегіне жабысып, жезөкшелерге жем болып, сифилис боп, отбасыңның ойранын шығарып жүрген өзің ғана! Басқа ешкім емес!

Бұл пост - отбасын ойрандап, жезөкшелерге баратын жезөкше еркектерге қатысты. Ондайдан таза болсаң, шамданбай-ақ өтіп кеткенің жөн... мыңқылдап бірдеңе жазсаң, сен де жезөкше еркексің деген сөз...», - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар