Қаңтар кезінде "ұсталғандарды азаптады" деп айыпталған ҰҚК қызметкерлеріне үкім оқылды
8 желтоқсанда Алматының Түрксіб аудандық сотында "Қаңтарда ұсталғандарды азаптады" деп айыпталған ҰҚК-ның 11 қызметкеріне үкім оқылды. Істе 54 жәбірленуші бар, бірі – Ербол Өтепбаев Қаңтарда көз жұмған. Жұма күні сот үкіміне журналистер қатыстырылмады. Жәбірленуші жақтың адвокаты мұны заңсыздық деп атады.Азаттық тілшісіне сот үкімі жөнінде жәбірленуші жақтың адвокаты Гүлнара Жуаспаева хабарлады. Оның айтуынша, судья Дінасыл Жанатқызы "билік өкілетін асыра пайдаланды", "адам азаптады" деп айыпталған ҰҚК-ның 11 қызметкерінің бірі Ұлан Жұмановты ақтаған, үшеуіне шартты жаза берген. Қалғандары "3-5 жыл аралығында түрмеге кесілген". Адвокат соттан ашулы күйде шықты.- Біріншіден, өте аз жаза берді. 3-5 жыл. Ең басты айыпталушы Жұмановты сот ақтады. Адамдарды ұрып-соғып, тепкілегендердің үшеуіне шартты жаза берді. Сот үкіміне келіспейміз. Оған шағым түсіреміз. Азаматтық шағымды ішінара ғана қанағаттандырды. Өтепбаеваның әйеліне моральдық шығын ретінде – 20 млн теңге, бірнеше адамға миллион теңге төленеді. Қалғандарының шағымы қанағаттандырылмады. Өте әділетсіз үкім! Жәбірленушілердің құқығын қорғаған маған қатысты (мен бір жылдан бері бұл істі тегін жүргізіп келемін) жеке қаулы шығарды, - деді ол.(Ақпарат толықтырылады).
- Соңғы
- Тамыз, 04
-
- Шілде, 31
-
- Сәуір, 05
-
- Қараша, 27
-
- Қыркүйек, 27
-
- Қыркүйек, 20
-
-
- Қыркүйек, 11
-
- Қыркүйек, 07
-
- Қыркүйек, 06
-
-
- Тамыз, 31
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
19 қыркүйек 2026