Жаңа әскери көмек: Берлин Киевке гранатомет, барлаушы-дрондар, әскери техника береді
Германия Украинаға жаңа әскери көмек береді. Пакетте өзге жабдықтардан бөлек, он VECTOR барлаушы дроны бар. Бұл жөнінде Германия үкіметінің сайты хабарлады.Барлаушы-дрондардан бөлек, жаңа пакетте:70 дана MGW автоматты гранатомет,30 дана GMG гранатомет,1000 артиллериялық оқ-дәрі (155-мм калибрлі),1 дана LUNA NG барлау кешені,6 дана патрульдік шекара көлігі,8 дана Zetros маркалы жүк көлігі,100 000 дана дәрі-дәрмек қорабы бар.2 желтоқсанда Германия үкіметі Украинаға дрон анықтайтын құралдар, артиллериялық оқ-дәрі, винтовкалар мен оларға арналған оқ, әскери техника беретінін мәлімдеген.Украинаға көмек көлемі жағынан Германия АҚШ-тан кейін екінші орында тұр. Германия үкіметінің мәліметінше, Ресей басқыншылығы басталғалы бері Германия Украинаға шамамен 24 млрд еуро әскери көмек берген. Ол Киевке гуманитарлық көмек, тікелей төлем және қару-жарақ түрінде берілді.
- Соңғы
- Тамыз, 04
-
- Шілде, 31
-
- Сәуір, 05
-
- Қараша, 27
-
- Қыркүйек, 27
-
- Қыркүйек, 20
-
-
- Қыркүйек, 11
-
- Қыркүйек, 07
-
- Қыркүйек, 06
-
-
- Тамыз, 31
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
19 тамыз 2026