Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға 25 жыл толды

newsroom.kz

Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға 25 жыл толды

Мемлекет басшысы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің 25 жылдығына орай құттықтау хат жолдады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мерейтойлық датаға арналған Қазақстан әйелдері форумына Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдар мен азаматтық сектор және халықаралық ұйым өкілдері қатысты.Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөзінде форумға қатысушыларды Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің 25 жылдығымен құттықтады.

«Комиссия гендерлік тендікті қамтамасыз ету, отбасы институтын нығайту және ана мен баланы қорғау ісінде ерекше рөл атқарып келеді. Бұл құрылым уәкілетті органдардың, азаматтық сектордың және бизнестің күш-жігерін тоғыстыратын тиімді мінберге айналды.Ұлттық комиссияның сарапшылары заңдарды және мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге белсенді атсалысып, маңызды әлеуметтік жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруда. Кейінгі кезде елімізде әйелдер үшін тыйым салынған мамандықтар тізімі жойылды, сайлау квоталары енгізілді, ішкі істер органдары жүйесінде әйел құқықтарын қорғау жөніндегі арнаулы бөлімдер құрылды. Сіздердің еселі еңбектерініздің арқасында Қазақстан бірқатар халықаралық конвенцияны ратификациялап, гендерлік теңсіздікті жою жөніндегі барлық міндеттемелерін орындап келеді.Біз әйелдердің қоғамдағы мәртебесін көтеру жене отбасы құндылықтарын дәріптеу үшін жүйелі шараларды жалғастырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекет – Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасаймыз», – делінген Президенттің құттықтау сөзінде.

Форумға қатысушылар отбасылық-демографиялық саясат, әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлі, отбасыларды әлеуметтік және экономикалық қолдау, балалар құқықтары және басқа да көптеген аспектілерге қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар