Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Айлық бермей, жұмыстан қуып шықты»: «Қазақфильм» қызметкерлері дабыл қақты

kaz.365info.kz

«Айлық бермей, жұмыстан қуып шықты»: «Қазақфильм» қызметкерлері дабыл қақты

«Қазақфильм» қызметкерлері жалақы алмай жүргендеріне бір жыл болғанын айтып, бейбіт шеруге шықты. Аниматор мамандар киностудия басшысы Азамат Сатыбалдыдан соңғы бірнеше жылғы еңбегінің ақысын талап етіп отыр. «КТК» телеарнасының мәліметінше, «Қазақфильм» аниматорлары кейінгі жылдары «Алтын адам» толықметражды анимациялық фильмін түсірді. Таспа дайын болғанымен тапсырыс беруші жұмысты қабылдамаған. Салдарынан киностудияның 50 шақты қызметкері айлықсыз қалды. «Бәрі заңды, келісімшартпен жұмыс істесек те, еңбекақымыз төленбей жатыр. Бірақ компания қызметкерлерге айлығын уақытылы беріп жүргендей салық төлейді. Сол себепті олардың мемлекет алдында ешқандай қарызы жоқ», – дейді Жанәділ Байдарбеков. Шығармашылық топ жұмыстың қабылданбағанына қызметкерлердің қатысы жоқ деп санайды. Айтуынша, пилоттық жоба сапалы, сәтті шыққан. Анимация бөлімінің редакторы Ерлан Төлеутай компания қызметкерлерге 500 миллион теңгеден астам жалақы қарыз. Басшылық таспаның авторлық құқығын беріп, жобаны прокатқа шығару керек екенін айтқан. «Фильм әлі дайын емес, бұл – пилоттық жоба. Кеше бәрімізді жұмыстан қуып шығып, кабинеттерді мөрлеп қойды», – деді ол. Ал «Қазақфильм» басшылығы аниматорларға айлықтан бөлек қаламақы төлену керек екенін айтты. «Шығармашылық топқа тұрақты түрде жалақы төленді. Бірақ қосымша төлемақы бере алмаймыз. Өйткені тапсырыс беруші фильмнен бас тартты. Қазір бізде сот процесі жүріп жатыр», – деді «Қазақфильмнің» вице-президенті Айдар Омаров.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар