140 балл жинаған қос абитуриент бір университетті таңдады
181 мың талапкер қатысқан бірыңғай ұлттық тестілеуде 140 балл жинап, соңғы үш жылда болмаған рекордты орнатқан Жаннұр Еңсебек пен Айым Ержанова құжаттарын SDU университетіне тапсырып отыр. Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебінің түлегі Жаннұр Еңсебек өз таңдауын оқу жылының басында жасап қойған екен. Сондықтан да грант байқауына өтініш қабылдау кезеңінің алғашқы күнінде-ақ «Алтын белгі» иегері таңдау парағында тек SDU-ды белгілеп, құжаттарын тапсырып кетті. Грант байқауының 4 күндік нәтижесі бойынша 100-ге жуық «Алтын белгі» иегерлері таңдау парағына алғашқы ЖОО ретінде SDU University-ді белгілеген. Бұл көрсеткіш SDU ұсынған білім сапасына деген сенімді білдіреді.
- Соңғы
- Тамыз, 04
-
- Шілде, 31
-
- Сәуір, 05
-
- Қараша, 27
-
- Қыркүйек, 27
-
- Қыркүйек, 20
-
-
- Қыркүйек, 11
-
- Қыркүйек, 07
-
- Қыркүйек, 06
-
-
- Тамыз, 31
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қыркүйек 2026