Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өскеменде полиция әуежайды қоршауға алды

almaty-akshamy.kz

Өскеменде полиция әуежайды қоршауға алды

Өскемен қаласында полиция қызметкерлері күдік тудырған сөмкеге байланысты әуежайды қоршауға алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20 наурызда Өскеменде күдік тудырған сөмкеге орай әуежай қоршауға алынды. «Қалалық ПБ полиция қызметкерлері әуежай тұрағын патрульдеу барысында күдікті қара сөмкені тапқан. Сигнал түскеннен кейін мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына барды. Тексеру нәтижелері бойынша қандай да бір қауіпті заттар табылған жоқ», - делінген ақпаратта. Еске салсақ, ақпан айында қаладағы мектептерде бомба қойылғаны туралы бірнеше күн қатарынан хабар түскенін хабарлаған едік. Алайда бұл хабарлардың барлығы жалған болып шықты.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024