Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кітап үзіндісі: О дүниеде мəңгі ұйықтайтын болған соң, бұл дүниеде аз ұйықтаған

bilimdiler.kz

Кітап үзіндісі: О дүниеде мəңгі ұйықтайтын болған соң, бұл дүниеде аз ұйықтаған

Кітап үзіндісі Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса... Соқырлық пен саңыраулық қатар дамыған қоғамда жаңаға орын сақталмайтыны аян. Жаңа деп отырғаны – өскiн. Мысалға, қай ересек адам балаға тең дәрежеде қараған? Бұл ешкiмнiң ойына келмейтiн жұмбақ. Сондықтан жастың пiкiрi қашанда аяқсыз қалуға бейiм. Сондағы үлкеннiң тындырғаны не? Одыраң жүрiс пен оспадар күлкi ғана ма? Төкен Әлжантегі "Балдан тәтті ғұмыр" Қоғамға араласып, түрлі жағдаяттар, құбылыстарға куә болған сайын «сүйегі жаситын қасиеттің ауылын» төңірегіңнен іздей бастайды екенсің. Өзін батыр демек түгілі, елдің қолпашын – өкінішін еске түсіретін ауыр сөз ретінде қабылдап, адам – пендені жүректің көзімен таныған кешегінің парасатына таңқалмай көр. «Біз – ақындар...», «Біз – жазушылар...», «Біз – қоғам қайраткерлері...», «Біз – журналистер», «Біз – өнер адамдары...». Радио - теледидарды қоссаң, газет - журналды ақтарып қалсаң ең көп еститін, оқитын сөз осы болды бүгінгі. Ешкім де періште емес қой, сүйегіңіз жасымай ма сіздің?.. Ырысбек Дәбей "Әкелеріміз айтатын әңгіме" О дүниеде мəңгі ұйықтайтын болған соң, бұл дүниеде аз ұйықтаған лазым. Оралхан Бөкей "Қар қызы" Ауылда тұратын бір руласымыздың Алматыда оқитын қызы үйімізге келіп - кетіп жүретін. Бір күні сол қыз тұрмысқа шықты. Арада жарты жылдай уақыт өткенде қызымыз: — Сүйіп қосылып едік, енді қарасам дұрыс жұмысы да жоқ екен, тапқаны тамағымыздан артылмайды. Әбден тарығып, жүдеп кеттім... – деп шағынды. Оған Бәкең: — Айналайын - ай, мұқтаждық есігіңнен қарағанда, махаббат терезеден секіріп кеткен екен ғой, - деді.⠀⠀ Зейнеп Ахметова "Әзіліңді сағындық" Қиын сәтте бір — біріңді демеңдер, айналайын. Қиналған жаннан іргеңді бөлек салма. Тас та таудың туысқаны. Адам түгілі бір — бірінен тас та қашып құтыла алмайды. Ділдә Матайқызы "Айналайындарым менің" Халық кейде бала, кейде ана секілді. Баланы әлпештеп, ананы ардақтайтын даналық бұйырған «жан көрінбес көзіңе». Мақсат, мұраттан гөрі, қулық - сұмдық сауған заманда ет жақыныңның иманын пайдаланып, шіренгеніңе де жол табасың. Ұлдың мінезі ұсақталып, ұлылық орға жығылған сәтте бүкіл жұрағатқа кесел айналып, кесір иектейтінін естен шығарып алдық. Ақсақалдықтан адыра қалған тас жетім тағдырымызға налып, әркімді кінәлі санауға әуес бөтен жыныстың бойымызға сіңе бастаған бөгделігі – ұлтымыздың трагедиясы. Ырысбек Дәбей "Әкелеріміз айтатын әңгіме" Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024