Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ИНСУЛЬТТІ АНЫҚТАЙТЫН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

petropavltv.kz

ИНСУЛЬТТІ АНЫҚТАЙТЫН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

Көпбейінді облыстық аурухананың инсульт орталығында енді жасанды интеллектінің көмегімен сырқаттардағы инсультті 10 минуттың ішінде анықтауға болады. «CEREBRA» бағдарламасы ми қан айналымы бұзылған сырқаттарды емдеуде дәрігерлерге көмекші құрал болмақ. Бірегей қосымшаны бүгін мамандар таныстырды. Тақырыпты тілішіміз жалғастырады. Ми қан айналымының бұзылуы - ми артериялардың бітелуінен немесе тарылуынан туындаған ауру. Мамандардың айтуынша, инсульт алатын науқастар саны өте көп, оның арасында жастар да бар. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда бұл дерттен жыл сайын 40 мыңға жуық адам қайтыс болады. Аман қалғандардың 80%-ы мүгедек болады. Сол себепті де, мамандар Алматыда " CEREBRA" автоматтандырылған порталын жасап шықты. СЕРГЕЙ РУЦКИЙ, КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ АНГИОГРАФИЯ МЕҢГЕРУШІСІ: - Бүгін біз маңызды бағдарлама - жасанды интеллектіні қосып жатырмыз. Мамандарға ми қан айналысының бұзылуы бар науқасқа ота түрін таңдауға, емдеу әдісін дұрыс қолдануға көмектеседі. Бағдарлама инсультті өте ерте кезеңде анықтауға негізделген. Компьютерлік томограф аппаратымен бірге жұмыс істейді. Былайша айтқанда, дәрігерге көмекші құрал. Бұл бағдарламаға басқа дәрігерлер де қашықтан қосыла алады, осылайша кеңесіп шешім қабылдауға мүмкіндік бар " CEREBRA " - бұл қосымша, оны телефонға, планшетке, компьютерге жүктеуге болады. Мысалы сырқат түскен кезде дәрігерге хабарлама келеді, маман кімнің түскені жайында толық ақпарат алады. Сондай-ақ оған КТ-ның талдауы қолжетімді болады. Неге назар аудару керектігін де анықтап береді. Ми қан айналымында қандай өзгерістердің барлығын және қай жерде ишемия болатындығын көрсетеді. МЕРУЕРТ САЙФОЛЛА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕЙРОРАДИОЛОГ ДӘРІГЕРІ: Бүгінгі таңда «CEREBRA» автоматтандырылған порталына еліміздің 30 инсульт орталығы қосылған. Айгерім Құсайынова
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024