Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өміріміздегі 1 мен 0 - дер

bilimdiler.kz

Өміріміздегі 1 мен 0 - дер

Тағылымды тәлімӨміріміздегі 1 мен 0 - дерФизмат факультетінің бір профессоры бір күні студенттеріне өмірлік бір сабақ үйрету ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студенттеріне қарап: «Бұл адамгершілігіңіз. Өмірлеріңізде болуы керек ең маңызды қасиет», - деп түсіндіреді. Сосын 1 - дің қасына 0 санын жазады да: «Ал бұл болса жетістіктеріңіз. Бойыңыздағы адамгершілікке табыс қосылса адам 1 - ден 10 бола қалады. Тағы бір 0 – тәжірибеңіз. Тәжірибесі болса адам 10 емес, енді 100 болады», - деп кезек - кезек 0 - дерді қоса береді: зеректік... тәртіптілік... сүйіспеншілік. Қосылып тұрған әрбір 0 саны адамды 10 есе байытатынын түсіндіреді ұстаз. Бір кезде профессор сандар тізбегінің ең басында тұрған 1 санын өшіреді. Сонда тақтада тек 0 сандар қалады. Профессор былай дейді студенттеріне: «Адамгершілігіңіз жоқ болса, қалғанның бәрі түк те тұрмайды». әзірлегенБегімхан КЕРІМХАНҰЛЫМ. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғаліміПавлодар қаласыҚазақстан Журналистер Одағының мүшесі
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар