Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мектеп бітірушілерге арналған тілектер топтамасы

bilimdiler.kz

Мектеп бітірушілерге арналған тілектер топтамасы

Мектеп бітірушілерге арналған тілектер топтамасы Балаңыздың мектеп бітіруімен құттықтаймыз! Аса құрметті осынау алтын ордаға «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» менің сыныптас достарым! Бүгінгі күні бәріміз өзіміздің алтын ұямыздан «өмір» атты ұлы тауды бетке алып ұшып бара жатқанымызда айтар тілегім: қайда жүрсек те, қайда болсақ та, қанша жасқа келсек те бір - бірімізді ұмытпайық. Әрқашан жадымызда есімімізді жаңғыртып жүрейік. Өйткені туған жеріміз ортақ, тіліміз, дініміз ортақ, оқыған мектебіміз, ұстаздарымыз ортақ, заманымыз, қоғамымыз ортақ, ең бастысы алтын шаңырақты, күміс уықты, киелі керегелі еліміз, арман - тілегіміз ортақ. Сондықтан қадірлі достар, Қорқыт бабамыз айтқандай «қара орманымыз шайқалмасын, қара тауымыз бүгілмесін, аққан дариямыз сарқылмасын, Түркі дүниесі түгел болсын!» Бұл тілектер, сыныптас достар, біздің бойтұмарымыз болсын! Құрметті бүгінгі салтанатты кешке жиналған қадірлі ұстаздарымыз, ата - аналарымыз және менің қимас достарым! Міне, біз бүгін «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» ыстық ұямыз – мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз. Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс қоңыраудың үнін естімейді. Енді біз ең қызықты сәттерімізді өткізген мынау мектептің ауласында жарыса жүгіріп, сыныбымыздағы парталарға таласа - тармаса отырмаймыз. Енді біз 11 жыл бойы біздің «еркелігіміз бен тентектігімізді» көтерген апайларымыз бен ағайларымыздың сабақтарыңда отырмаймыз, тақтаға шығып сабақ айтпаймыз! Біз осы мектепте ұстаздарымыздың тәлім - тәрбиесін ала жүріп болашағымыздың іргетас - фундаментін қаладық. Дәл қазір сол күндерге деген қимастық сезімді бастан өткеріп мұңайсақ та, ертеңгі болашағымызды ойлап жүрегіміз лүпіл қағып тұр! Менің сыныптас достарым! Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін - армаңдарыңа сүрінбей жетіңдер! Өйткені, біз мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат қағып барамыз. Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әр біріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік, достар! Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз. Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз! Алтын ұя мектептің тұлпарлары, дүлдүлі – Жұлдыздары жүректің жетілдіндер бұл күні! Бірің – хакім, ал бірің болыңыздар ғұлама, Мың дауыспен сайраған о, өмірдің бұлбұлы! Ата - дәстүр бойынша сатпайды ұлан сүйегін, Күй төгесің шанақтан – жақсы болды тиегің! Құтты болсын тойларың шәкірттерім, көгершін, Барлығыңды кеудеме басып, қысып сүйемін. Сендерсіңдер тірліктің желкілдеген құрағы, Ұстаздарың арманын өздеріңе ұлады! Тойға ұлассын тойларың – ту қадаңдар биікке, Жақсы туған жігітке жат жұрт келіп тұрады. Оралыңдар отыздың ортасына толғанда, Шүкіршілік етеміз жетсеңдер шың - арманға. Ел - жұртың бар тілектес, жьнылма өмір - егесте, Ал соңдарың айналсын қарақұрым орманға! Балаңыздың дипломы құтты болсын! Үлкен өмірге қанат қағып барасың. Қанатың талмасын, биіктерге шырқа! Жоғары оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітіруіңе тілектеспін. Таңдаған мамандығыңның мықты маманы, кәсіпқойы бол! Мектеп өмірі артта қалды, алдыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте беруіңді тілейміз! Мектеп бітірушілерге арналған тілек Мектепті, балам, бітірдің, Самғатты қиял ғарышқа. Қанаты арман құсының Апарсын сені алысқа. Кешегі шәкірт бала едің, Қарайсың бүгін жігіт боп. Шарлаған арман әлемін, Шыңдарға шыңнан биіктеп. Отаның сипап маңдайдан, Аямас сенен жақсысын. Ізде, тап, қиыр - шалғайдан Еліңе қажет бақ құсын. Асқарға қолың соз балам, Бәйгеге түс те, бақ сына. Намысқа тиер озбаған, Қол соғар жұртың жақсыға. Ғылым қу, елге ет еңбек, Маман бол қажет білікті Өресі биік екен деп, Мақтайды жампоз жігітті. Білімді басқа жастадың, Ғылымды іздеп үңіліп. Өмірге сапар бастадың, Алдыңда күліп тұр үміт. Өмірден енді дәріс ал, Білім мен ойды қоса ұштап, Самғауға, балам, барын сал, Қанатың болсын аттестат. Түсініп жөн мен жобаны, Ер жеткен жансың жетелі. Шыңдарда ғана болады, Қыранның салған мекені. Ат жалын тартып мін, інім, Білімнің ұстап құрығын. Жарқырай түсер ұлы күн, Сыйласаң жүрек жылуын. «Он үште отау иесі», жиырма бес десе жөн бөлек. Үлесіңді қос тиесі, Ерінбе, ізден, еңбек ет. Компьютер сенің ғасырың, Ғылымның жеткін шегіне. Ақтарғын ойдың асылын, Ұмтылып ғарыш көгіне. Намысын кекке қайраған, Найзағай сынды бол батыр. Көз тіккен саған айналаң, Алдында асу жол жатыр. Қанатын қағар жыл жылдам, Келеді ертең жаңа ұрпақ. Аумай бір тұрсаң жұлдыздан, Қарайды жұртың таңырқап. Біз жүрейік сендермен бақытты боп Он бір жыл оқып, міне, аяқтадың. Кетесің қанат қағып, тарап бәрің, Тек әйтеуір жолдарың ашық болсын, Келмейді бұл өмірден қарап қалғың. Біреуі журналист болам дейді, Біреуі әртіс боп ән салам дейді. Біреуі – ақын, біреуі – дәрігер болып, Аурудың не түрін жазам дейді. Полицей боп, қатерге барам дейді. Ұстаз болып, мектепке қалам дейді, Біреулері қақа жарып қара қылды. Біреуі сот – судья болам дейді. Спортшы болуды керемет деп, Кейбірі ғарышкерді өнеге етпек, Сәулетші болып біреуі құрылыста, Енді бірі елші болып шетел кетпек. Бәрің де арманменен қанаттандың, Үлкен өмір жолына ал аттағын. Біз жүрейік сендермен бақытты боп, Көзбен көріп, бәйшешек гүл атқанын. Құрметті мектеп бітіруші түлек! Сіз үшін осынау күн айшықты да, айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Өйткені Сіз дәл осынау күні өзіңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, сөйтіп бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп анаңыздан түлеп ұшқалы тұрсыз. Осыдан санаулы ғана жылдар бұрын сіз осы мектептің қастерлі табалдырығын жасқана да жүрексіне аттап, өзіңізге тәлім берер алғашқы ұстазыңызбен жүздесіп, білім нәріне бас қойған едіңіз. Содан бері ағын судай жылжыған жылдар легі сіздің өрісіңізді кеңейтті, бойыңызды қатайтты, топшыңызды бекітті. Сіз үшін осынау қимас ұяңызда жүрген сәтте, алдыңыздан күн сайын жаңалықтар легі ашылды, танымыңыз тереңдей түсті. Сіз мектеп партасында отырып, ұстаз аузынан естілген әр бір білім жаңалығының қабылдаушысы болып қана қойғаныңыз жоқ, сіз осынау сәттерде өзіңіз де мектебімізде өткізілген қаншама игілікті шаралардың белортасында жүрдіңіз, жарқын да мағыналы істердің жанашыр куәгері атандыңыз. Сіздің бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие егуді өзімнің жауапкершілік міндетім деп қана ұғатын барлық ұстаздарыңыз енді Сіздің дәл осындай биіктен көріне білгеніңізге қуанады. Сіз алдағы өміріңізде Абай атамыз айтқандай: "бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық" бола білсеңіз ғана өзіңіздің ұстаздарыңыз төгілген тер өтелді деп біледі. Сіз үшін бүгінгі қағылар соңғы қоңырау үні балдәурен балалығыңыздың артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілгендігіңіздің ескертпесі сияқты. Сізге ендігі сәтте өз өмір айдыныңызды қалап алуға тура келеді. Осынау кезеңдерде өмір кемеңіздің желкенін еш уақытта түсірмеу үшін, сіздің бойыңыздан білім мен білік, батылдық табылатынына сенгіміз келеді. Сіз Елбасы армандаған мәңгілік болашақтың бүгінгі жас құрылысшысы екендігіңізді еш уақытта естен шығармаңыз. Мектеп бітіруші түлектің құттықтау сөзі Қымбатты ұстаздар! Құрметті мектеп түлектері! Қадірлі ата - аналар және кеш қонақтары! Әр кезде де мектеп өмірінде ұстаз үшін де, шәкірт үшін де аса қадірлі көрінер, соның ішінде ұстаздың да, шәкірттің де көңілін босатып, жан - жүйесін иер, сөйтіп бір беймаза толқынысқа түсіріп, көңіл құсын аспанға шарықтатар соңғы қоңырау салтанатының орны бөлек екендігі даусыз. Соңғы қоңырау. Қарапайым ғана естiлер осы бір сөзде, шындығына келгенде, қаншама тылсым да мағыналы құдірет жатқандығын аңдаған жан ғана түсінер. Өйткені бұл бала шәкірттің дана ұясынан жез қоңырау үнін соңғы рет есту сәті ғой. Солай десек, соңғы қоңырау балаң түлектің қимас көз жасы, солай десек, соңғы қоңырау талапты шәкірттің болашаққа деген іңкәр арманы, не дегенмен де ол шәкірттік өмірмен "қош - қош" айтқызып, азамат деп аталатын айбынды арғымақты ерттеп мінгізу. Қымбатты менің мектеп бітіруші құрбы - құрдастарым! Мінеки, біз үшін қоңыраудың сиқырлы да сазды әуені соңғы рет ән салмақ. Және ол ән барлығымызды сонымен бірге өмір деп аталатын алып күре жолдың төскейіне шығарып салар. Бізді қаншама жыл оқытып, білім берген, тәрбие берген аяулы ана мектебіміз бен құрметті ұстаздарымыз іштей тілектестік білдіріп, сәт - сапар тілеп қалар. Бәлкім, ұстаз көңiл толқыр және сол толқынысты сәтте де біздің барлығымыздың алдағы өмiр жолымызға жақсылық, тек қана жақсылықтар тілер. Құрметті менің құрбыларым, достарым, мінеки, сіздерге деген осынша құрметтің жанында жауапкершілік деп аталатын жүгі қомақты нәрсе де қатар жүргенін байқап отырған шығарсыздар. Қымбатты достар! Мен сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, өмір деп аталатын алып күре жолда сүрінбеулеріңізге, тек қана сүрінбеулеріңізге тілектеспін. Тағдырларыңыз жұлдызды болып, арман деген асқар таудың биігінен көрініңіздер! Қадірлі ұстаздарымыз! Ал біз сіздер берген тәрбие мен тәлімді әр уақытта ұмытпаймыз. Сіздерден бөлініп ыстық ұядан ұшқан сәтте де, аяулы мектебіміздің атына кір келтіріп, дақ түсірмеуге, әр кезде де ақылшы серігіміз Ар деп аталатын айбынды қасиет боларына сіздерді сендіргіміз келеді. Біз сіздерге әрдайым да мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Барлық уақытта да шәкірттеріңіздің ыстық ықыласына бөленіп жүре беріңіздер! Мереке мерекеге ұлассын! Құрметті жас түлек! Сіздің бүгінгі өмір айдынына аттанғалы тұрған мерекелі күніңіз құтты болсын! Сізге тек қана мықты денсаулық, сәтті сапар, мерейлі мақсат тілейміз. Аспаныңыз ашық болсын! Мектеп әкімшілігі және мектеп ұжымы Түлекке ата - анасының алғыс тілегі. Құрметті ұстаздар, түлектер және ата - аналар, ең алдымен барлығыңызды да бүгінгі мерекелі күнмен құттықтап қоюға рұқсат етіңіздер! Мінеки, араға жылдар легін салып, кеше ғана бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттаған б
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024