Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әлемдегі мобильді интернет бағасының рейтингі: Қазақстан нешінші орында?

alashainasy.kz

Әлемдегі мобильді интернет бағасының рейтингі: Қазақстан нешінші орында?

Cable.co.uk әлем елдеріндегі мобильді интернет бағасының кезекті рейтингін жариялады. Оған сәйкес, 233 елдің ішінде 1 ГБ интернет-трафик үшін ең арзан орташа баға Израильде ұсынылған. Бұл елде 1 ГБ – 4 цент (шамамен 19,28 теңге). Одан кейінгі орындарда Италия, Сан-Марино, Фиджи аралдары және Үндістан бар. Басылымның мәліметінше, бұл елдердің аумағы 90 пайыздан 100 пайызға дейін 5G желісімен қамтылған. Сол жақта – 1 ГБ интернет-трафиктің орташа бағасы ең қымбат елдер. Оң жақта - 1 ГБ интернет-трафик үшін орташа ең арзан баға. Cable.co.uk Бір қызығы, бұл рейтингте Қырғызстан 6-орында. Көршілерімізде 1 ГБ интернет-трафиктің орташа бағасы 17 центті құрайды. Ал, Өзбекстанда орташа мобильді интернет бағасы 0,37 цент. Бұл көрсеткіш бойынша өзбектер 15-ші орында. Сондай-ақ Қазақстанда 1 ГБ интернет-трафиктің орташа бағасы 37 центті құрайды. Еліміз бұл тізімде 16-шы орынды иеленген. Сейнт-Хелена (41,6 доллар), Фолкленд аралдары (38,45 доллар), Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы (29,49 доллар), Токелау (17,88 доллар) және Йемен (16,58 доллар) интернет қымбаттығы жағынан көш бастап тұр. Түркіменстан 1 ГБ интернет-трафиктің орташа бағасы қымбаттығы бойынша әлемде 7-ші орында. Бұл елдегі трафик көлемінің орташа бағасы 2022 жылдың 16 мамырындағы жағдай бойынша 14,27 доллар деп бағаланады. Солтүстік Корея, Ватикан, Эритрея, Маршалл аралдары, Конго сияқты бірқатар елдер рейтингке енбеген. Кейбіреулерінде тек 2G желісі (қоңырау және SMS) жұмыс істейді. BAQ.KZ Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024