Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытай ғалымдары Айдағы топырақтан белгісіз минералды тапты

almaty-akshamy.kz

Қытай ғалымдары Айдағы топырақтан белгісіз минералды тапты

Қытай ғалымдары Жерге 2020 жылы әкелінген Айдағы топырақтың үлгісін зерттеу барысында жаңа минералды тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. Синьхуа агенттігі таратқан деректерге сәйкес, ол адамзаттың Айды зерттеу тарихында анықталған алтыншы минерал болып отыр. Осы жаңалықтың арқасында Қытай Айдан жаңа минерал тапқан әлемдегі үшінші мемлекетке айналды. Жаңа минерал түссіз мөлдір бағаналы кристалдан тұрады және «Чанъэ тасы» деген атауды иеленді. "Чанъэ тасы» Халықаралық минералогиялық қауымдастықтың жаңа минерал атауы мен жіктеу бойынша комиссияның шешіміне сәйкес жаңа минерал ретінде ресми мақұлданды", - деп атап өтті зерттеушілер. 2020 жылы қытайлық «Чанъэ-5» зонды Жерге салмағы 1731 грамм шамасындағы топырақ үлгісін Айдан алып келген. Ол адамзат соңғы 40 жылдан астам уақытта бері әкелген алғашқы топырақ үлгісі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024