Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жамбылдық шабандоз Атырау облысындағы бәйгеден екі көлік ұтып алды

inform.kz

Жамбылдық шабандоз Атырау облысындағы бәйгеден екі көлік ұтып алды

Қызылқоға ауданында алғаш рет «Қазақстанның қолтума Алтын тайы – 2022» және «Қазақстанның қолтума Алтын құнаны – 2022» ат бәйгесі өтті. Еліміздің сегіз облысынан қатысқан атбегілер 70-ке жуық тай мен құнанды бәйгеге қосты. Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тай бәйгеге 32 жүйрік 6 шақырымдық қашықтыққа шапты. Мәре сызығын жүйріктердің арасынан Жамбыл облысының Қордай ауданынан келген атбегі Айдар Нұрмағамбетовтің «Сакура» атты сәйгүлігі бірінші болып кесті. Жүйріктің иесіне «Қазақстанның Алтын тайы – 2022» атағы мен автокөлік кілті тапсырылды. Ал, екінші келген жүйріктің иесі Абай облысының атбегісі Дана Әлижанға - 2 млн теңге, үшінші орын алған «Ханшайым» аталатын тайды бәйгеге қосқан қордайлық (Жамбыл облысы) Ерлан Бәйсеуов 1 млн теңге иеленді. Құнан бәйгенің қашықтығы – 12 шақырым. Атбегілер бұл бәйгеге 27 құнанды қосты. Оның арасынан мәреге «Қамал» атты жүйрік оқ бойы озып келді. Бұл жүйрікті де Жамбыл облысының Қордай ауданында тұратын атбегі Айдар Нұрмағамбетов қосқан. Оның үміті ақталып, «Қазақстанның Алтын құнаны – 2022» бәйгесінің бірінші жүлдесіне тігілген көлікті ұтып алды. Сөйтіп, бұл атбегінің екі сәйгүлігі екі көлікті иеленді. Екі сәйгүліктің де шабандозы – Қабыл Айтқабыл. Ал, екінші орынның жүлдесі – 2 млн теңге «Қазына» атауымен сәйгүлікті қосқан Ерлан Бәйсеуовке, үшінші жүлденің 1 млн теңгесі «Рамина» жүйрігі үшін Алматы облысының өкілі Қайқабай Сейітжанға берілді. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысындағы ат бәйгесінде 13 жасар шабандоз бас жүлдеге ие болғанын жазған едік.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024