Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қышаны емге қолдану жолдары

bilimdiler.kz

Қышаны емге қолдану жолдары

Қышаны емге қолдану жолдары Қышаны (горчица) тағамның дәмін келтіруге, тәбет ашу үшін қолданатыны белгілі. Сондай - ақ ол халық медицинасында да кеңінен қолданылады. (Оны әзірлеудің әр халықта өзіндік рецепті бар). Ал қышада түрлі антиоксиданттар, қабынуға қарсы әсері мол заттар бар. Яғни оны емге қолдануға болады. Тек аллегриясы бар, терісі сыртқы әсерді нәзік қабылдайтын, асқазан - ішек жолдары ауруларынан зардап шегетін адамдарға ғана оны қолдануға болмайды. Халық медицинасында қышаны мынадай дерттерден емдеуге қолданады: Бронхит. Ыстық суға 150 грамм қыша мен 1 стакан тұзды ерітіп, аяқты сол суға бұлау керек. Сосын аяқты шайып, сүртіп, жылы шұлық киеді. Өкпе қабынғанда қышаның қуырылып, уатылған дәнін балға қосып, түйірлеп, күніне 10 данадан жеп тұру керек. Сондай - ақ уатылған қышаны қайнаған сүтке сеуіп, күніне бір мәртеден ішеді. Тамақ ауырғанда жарты шай қасық қыша, бір қасықтан тұз, бал және аздаған лимон шырынын жарты стакан суда ерітедІ. Бұл ерітіндімен тамақты күніне 6 мәртеге дейін шайып тұру керек. Ал диабеттен зардап шегетіндер ақ қыша дәнінен бір шымшым ішіп тұрса болады. Артынша суық суда 3 сағат тұндырылған пияз сығындысын ішкен дұрыс. Егер несеп қабында, бүйректе тас болса, онда 1 литр шапарқа 100 грамм ұыша ұүтағын қосып, күніне 1 рет таңертең ашқарынға немесе кешке ұйқы алдында ішіп тұру керек. Буын аурулары кезінде 150 грамм спиртке 10 грамм қыша дәнін салып, 10 күн тұндырған соң проблемалы тұсқа күніне 3 мәрте жағып тұрады. Шашты, оның тамырын нығайтуға да қыша көмекші бола алады. Ол үшін қышаны қант қосылған ыстық суда дайындау керек. Осыдан басқа маска жасалады да, үстінен 20 - 40 минутқа сүлгі оралады. Кейін шашты жуу керек. Сондай - ақ 1 литр жылы суға қосылған 2 ас қасық қыша да шашты нығайып, өсіруге көмектеседі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024