Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тіл тарихы: Одақтасу және ыдырау

bilimdiler.kz

Тіл тарихы: Одақтасу және ыдырау

Тіл тарихы: Одақтасу және ыдырау Алғашқы императордың бірыңғай жазуға айрықша мән беруі сол кездің өзінде тілде аймақтық айырмашылықтар болғанын дәлелдейді. Ол айырмашылықтар жазудан көрінген, бірақ оларды ауызекі тілден байқалған деп болжам жасауға әбден болады. Бұл, бір жағынан, саяси алауыздықтың салдары, өйткені әртүрлі топтар бір - бірімен жиі араласпаған. Араласып, біліспеген адамадрда бір - бірінің сөйлегенін есту мүмкіндігі қайдан болсын?! Осы механизм терімшілер мен аңшылар арасында да көптеген тіл формасын туындатты, бірақ ол жағдайдағы тілдердің сөйлеушілері өте аз болатын. Қытайда олай болмағаны анық. Жазба тіл бірінші императордың заманынан бастап, одан кейін бірнеше мыңдаған жыл бойы өзгерген жоқ. Қытай мен Мысыр мысалдары саяси бірлік пен ортақ жазба тілдің тілдік қауымдарды бөлшектеуге бейім кұштерге қалай қарсы тұратытын көрсетеді. Бірақ ауызекі тіл өзгеріссіз тұра алмайды. Ол үнемі қозғалыста болады, тілдік өзгерістер әр жерде үлкен аумақтарды қамтиды. Жазуы бір болса да, ауызекі тілде болатын айырмашылықтар диалектіге айналады. Стандарт жазба тілдің сыртындағы ауызекі сөйлеу туралы еш дерек болмағандықтан, біз Мысыр еліндегі диалектілер туралы ештеңе білмейміз. Қытай тілінің жағдайы басқаша. Өткен күндерден жеткен жазбалар көп емес, бірақ біз бүгінгі жағдайға қарап та қорытынды жасай аламыз. Бірыңғай қытай тілінде оқитын және жазатын үлкен кеңістікте адамадр бір - біріне түсініксіз бірнеше диалектіде сөйлейді, ал жергілікті нұсқалардың саны тіпті көп. Француз, португал, итальян, басқа да роман тілдері және олардың диалектілері латын тілінен бастау алғаны тәрізді, бұл ауызекі тілдердің бәрі ежелгі қытай тілінен бастау алған. Бұл жерде тек аймақтардың арасында айырмашылықтар бұрыннан болғанымен, олардың жазба тілде мүлде көрініс таппағаны тұспалданады. Жазба тілді білетін және қолданатын әртүрлі адамадр сөйлескенде, бір - бірін түсінбеуі әбден мүмкін. Мыңдаған жылдар бойы жазба қытай тілі бірдей, тиянақты және тұрақты болды, ал ауызекі қытай тілі ондай болған жоқ. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024