Шетелден әкелінген көліктер Интерпол базасы арқылы тексеріледі

«Көлік иесі құжаттарды тапсырған соң бекітілген қағида бойынша оның тұпнұсқалығы мен сәйкестігі, яғни көліктің ел аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінгені, іздеуде бар-жоғы тексеріледі. Кедендік рәсімдерден өтуі және соңғы тіркелген жерден есептен шығуы анықталады. Автокөлікті Қазақстан аумағына кіргізу күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі және Мемлекеттік кірістер комитетінің жүйелері арқылы айқындалады», - деді Қайсар Сұлтанбаев министрлікте өткен баспасөз мәслихатында. Спикердің мәліметінше, жоғарыда аталған сәттерді тексеру, анықтау процесі толықтай автоматтандырылған. «Шекарадан өткен әр көлікке VIN-код беріледі. Шекара қызметінде немесе мемлекеттік кірістер органдарында көлік құралын әкелу туралы мәліметтер болмаған жағдайда онда мәселе автосақтандыру полисінің алғашқы ресімделген күні бойынша анықталады. Сондай-ақ елге әкелінген автокөліктер Интерпол және ТМД елдерінің базалары бойынша тексеріледі. Одан бөлек Еуразия экономикалық одағының Бірыңғай кедендік жүйесі бойынша қадағаланады», - дейді министрлік өкілі.
- Соңғы
- Сәуір, 23
-
- Сәуір, 10
-
- Наурыз, 24
-
- Ақпан, 26
-
- Қараша, 28
-
- Қараша, 01
-
- Қазан, 25
-
- Қазан, 20
-
- Қазан, 15
-
- Қыркүйек, 27
-
- Қыркүйек, 20
-
- Қыркүйек, 11
-
- Тамыз, 29
-
- Тамыз, 15
-
- Шілде, 31
-
- Шілде, 26
-
- Шілде, 22
-
- Мамыр, 08
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
2 шілде 2025
2 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар