Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ChatGPT Google-ды алмастыруы мүмкін бе? - сарапшы жауабы

baq.kz

ChatGPT Google-ды алмастыруы мүмкін бе? - сарапшы жауабы

Былтыр OpenAI ChatGPT атты нейрондық желіні жасап шығарды. ChatGPT - адамдар қоятын ең күрделі кез келген сұрақтарына жауап беретін чат-бот. Бот әртүрлі тақырыпқа өлең жазады, сценарий мен жоспарлар құрып береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Тегін құрал Қазіргі таңда ChatGPT-ны пайдалану тегін. Компания желіні тәжірибе жүзінде сынап көру үшін және мәліметтер жинау мақсатында қолданушыларға пайдалануға мүмкіндік берген. ChatGPT Google-ды алмастыруы мүмкін бе? Бұл сұрақ көптің көкейіне келуі мүмкін. Алайда Google LaMDA деп аталатын жасанды интеллект чат-ботын жасап қойған.  Егер іздеу жүйелерін чат-бот алмастыратын болса, бұл өзгеріс іздеу жүйесі арқылы маркетинг жасап отырғандарға ауыр тиеді. Бүгінгі таңда Microsoft ChatGPT-ті Bing іздеу жүйесіне біріктіргісі келеді және OpenAI-ге 10 миллиард доллар инвестициялауды жоспарлап отыр. ChatGPT - сатылымдағы, яғни пайда табу үшін жасалған дүние. Келешекте OpenAI ChatGPT-ті жаңартатын болады. Боттың жеке логикасы жоқ, тек өз бетінше бар ақпаратты өңдейді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар