Атырауда 86 айыппұлы бар көлік анықталды

Атырауда 86 айыппұлы бар көлік анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 27 мамыр күні Атырауда жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері «Interceptor» іздеу жүйесі арқылы Mersedec автокөлігін борышкер ретінде анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. «Тексеріс барысында автокөліктің төленбеген 86 айыппұлы бар екені, сондай-ақ мемлекеттік белгісі жалған екені анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды», - деп жазды ІІМ-нен.
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
9 мамыр 2025
9 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар