Әдістемелік нұсқау хат. 2023-2024 оқу жылы
Құрметті әріптестер! 2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы осы әдістемелік нұсқау хат қолданыстағы заңнаманы ұстануға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында әзірленді. Әдістемелік нұсқау хат облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшыларына, жалпы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне, өңірлік әдістемелік орталықтардың/кабинеттердің әдіскерлеріне арналған, білім беру қызметін ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған келесі нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдарды қамтиды: - 2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар; - бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен бастауыш білім беру пәндерінің бағдарламаларындағы өзгерістер; - пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру (оқу және жазу сауаттылығы, математикалық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық); пәндік, метапәндік және түйінді құзыреттерді дамыту; цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту; STEM/ЅТЕАМ технологияларды қолдану; құндылыққа бағдарланған оқытуды іске асыру; тұлғаға, іс-әрекетке бағдарланған және инновациялық тәсілдерді іске асыру, оқу процесіне тиімді әдістер мен технологияларды енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар. Білім беру процесінде білім алушы басты назарда тұрады және барлық оқыту процесі оған қолайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталады. Бастауыш білім беруде «Цифрлық сауаттылық» пәнін және «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнінің орнына «Еңбекке баулу» мен «Бейнелеу өнері» пәндерін жеке оқыту жалғасады. Бастауыш білім беру деңгейінде тілдерді кезең-кезеңімен оқыту шеңберінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 2-сыныптан «Орыс тілі» пәнін оқыту басталады. «Шетел тілі» оқу пәні 1-2-сыныптарда оқытылмайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында негізгі орта білім беруде академиялық білімге, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, пәндік, метапәндік дағдылар мен құзыреттерді дамытуға, STEM-тәсілі негізінде оқытуға, тәрбиелік компонентті күшейтуге және инклюзивті орта қалыптастыруға баса назар аударылатын болады. Жалпы орта білім беру деңгейінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеуге және білім алушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.Әдістемелік нұсқау хат. 2023-2024 оқу жылы жүктеу
- Соңғы
- Қараша, 03
-
- Қазан, 22
-
- Шілде, 24
-
- Сәуір, 23
-
- Сәуір, 10
-
- Наурыз, 24
-
- Ақпан, 26
-
- Қараша, 28
-
- Қараша, 01
-
- Қазан, 25
-
- Қазан, 20
-
- Қазан, 15
-
- Қыркүйек, 27
-
- Қыркүйек, 20
-
- Қыркүйек, 11
-
- Тамыз, 29
-
- Тамыз, 15
-
- Шілде, 31
-
Күнделікті жаңалықтар
22 мамыр 2026