Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жаңа оқу жылында мұғалімдер қалай аттестациядан өтеді

bilimdiler.kz

Жаңа оқу жылында мұғалімдер қалай аттестациядан өтеді

Жаңа оқу жылында мұғалімдер қалай аттестациядан өтеді

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерді аттестациялау үдерісін жетілдірді. Мұғалімдердің біліктілігін бағалаудың жаңа ережелері 2023-2024 оқу жылынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

«Ұлттық платформа негізінде аттестаттау процесі автоматтандырылды. Енді мұғалімнің қызметі туралы барлық ақпарат оның жеке кабинетінде жинақталған. Сонымен бірге, педагогика және оқыту әдістемесі бойынша тестілеу, портфолио алып тасталынды. Мұғалім тек өзі сабақ беретін пән бойынша ғана тестілеуден өтеді. Педагог-зерттеуші мен педагог-шебердің біліктілік санатын растау алып тасталынды, дегенмен Ұлттық платформа арқылы бақыланатын болады», - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, кәсіби қызметке алғаш рет кірісетін немесе жұмыс өтілінен үзіліс алған педагогика мамандығының түлектері педагогтің кәсіби құзыреттілігін диагностикалау бойынша тестілеуден өтеді. Педагогтерді марапаттау тетігі өзгереді. Енді мұғалімдерге марапаттар олардың оқушыларының жетістіктеріне сәйкес табысталып және соған байланысты біліктілік санаты анықталады. Бұл зейнеткерлік жастағы мұғалімдерге де қатысты.

Бұдан басқа, Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ) арқылы педагогтерді жұмысқа қабылдау рәсімін толық автоматтандыру жоспарлануда.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар