Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодарда ер адам автокөлікпен бағанға соғылып, қаза тапты

kz.kursiv.media

Павлодарда ер адам автокөлікпен бағанға соғылып, қаза тапты

Павлодарда 32 жастағы ер адам автокөлікпен көшедеге бағанға соғылып, оқиға орнында қаза тапты. Дәрігерлердің мәліметінше, шақырту бүгін таңғы сағат 6-ға таман түскен.

Апат Назарбаев және Жаяу Мұса көшелерінің қиылысында болған. Полиция хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша, Geely Emgrand автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, трамвай бағанына соғылған.

«Geely Emgrand автокөлігінің жүргізушісі қаза тапқан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады», – деп хабарлады Павлодар облысының ПД.

Еске салайық, 23 маусымда Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 132-шақырымында жол апаты болды. Audi 100 мен қарама-қарсы бағытқа шыққан Haval машиналары соқтығысқан. Audi көлігінде отырған жүргізуші, жұбайы және олардың үлкен қызы, жиырма жастағы келіншек сол жерде қайтыс болды. Одан бөлек көлікте 14 және 18 жастағы екі бала және келіншектің 10 айлық сәбиі де отырған. Олар да түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Ал 24 маусымда марқұмдар жер қойнауына тапсырылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар