Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Омбыға шабуыл жасалды – Ресейдегі ең ірі мұнай өңдеу зауыты өртенді

kz.kursiv.media

Омбыға шабуыл жасалды – Ресейдегі ең ірі мұнай өңдеу зауыты өртенді

Украина Ресейдегі ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі – Омбы мұнай өңдеу зауытына соққы жасалғанын хабарлады.

Униан ақпаратына қарағанда, кәсіпорын Украинамен мемлекеттік шекарадан шамамен 2500 шақырым қашықтықта орналасқан.

Украина тарапының мәліметінше, мұнымен қатар Азов теңізінде Таганрогтан Қырымға бензин тасымалдап бара жатқан екі танкер жойылған. Сондай-ақ құрлықта екі С-400 «Триумф» әуе қорғаныс жүйесі, Керчьтегі мұнай базасы және «Небо-У» радиолокациялық станциясы нысанаға алынған.

Сондай-ақ, Ресейдің Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко бірнеше украиналық ұшқышсыз ұшу аппараты Омбының солтүстік өнеркәсіптік аймағына жеткенін растады.

Оның айтуынша, Ресей Қорғаныс министрлігінің әуе қорғаныс күштері шабуылды тойтаруды жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта жедел қызметтер шабуыл салдарын жою жұмыстарын жүргізуде.

Ресей Украина астанасына Киевке шабуылды үдетті. Қалалық әскери әкімшіліктің хабарлауынша, Ресейдің түнгі шабуылы салдарынан қаза тапқандар саны 13 адамға жеткен. Тағы 56 адам жарақат алған, үйінділерді тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Мұның алдында Ресейдің Орынбор облысындағы ірі газ өңдеу зауытына жасалған дрон шабуылы Қазақстан энергетика секторында алаңдаушылық туғызды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар