Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес қызметінен кетті

kz.kursiv.media

Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес қызметінен кетті

Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес 2026 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалында Испаниядан ұтылғаннан кейін (0:1) қызметінен кететінін ресми түрде мәлімдеді.

Турнирмен қоштасқаннан кейін маман бұл шешімнің Әлем біріншілігіне дейін нақты бекітілмегенін жеткізді. Оның айтуынша, басты мақсат тек жеңіс қана болған.

«Мен Португалияға Әлем чемпионатын ұту үшін келдім, сондықтан жеңіссіз жұмысты жалғастырудың ешқандай мәні жоқ деп есептеймін. Енді директорлар кеңесі мен президенттің жаңа бапкер таңдауға мүмкіндігі бар. Президент менің жұмысымды әрдайым қолдап келді, бірақ менің келісімшартым бүгін аяқталады. Бұдан басқа айтар ештеңе жоқ», – деді Мартинес баспасөз мәслихатында.

Роберто Мартинес Португалия ұлттық құрамасының тізгінін 2023 жылы ұстаған болатын. Оның жетекшілігімен Португалия құрамасы 2025 жылы УЕФА Ұлттар лигасының чемпионы атанды.

2026 жылғы әлемдік додада команда топтық кезеңнен сәтті өтіп, плей-оффқа жолдама алды, алайда 1/8 финалда Испания тосқауылынан өте алмады.

Бұл ойыннан кейін, Португалия сапында 23 жыл бойы ойнап келген Криштиану Роналду да ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын айтқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар