Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Англия Мексиканы жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты

kz.kursiv.media

Англия Мексиканы жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Англия құрамасы Мексиканы 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионында өткен кездесуде ағылшындар сапынан Джуд Беллингем дубль авторы атанса, Харри Кейн пенальтиден бір гол соқты.

Беллингем 36 және 38-минуттарда есепті 2:0-ге жеткізді. Алайда бірінші тайм аяқталмай жатып мексикалық Хулиан Киньонес есеп айырмасын қысқартты.

Екінші таймда Англия құрамасы қиын жағдайға тап болды. 54-минутта қорғаушы Джаррелл Куанса қызыл қағаз алып, командасы бір ойыншыға кем ойнады. Соған қарамастан, 60-минутта Кейн пенальтиді сәтті орындап, есепті 3:1-ге жеткізді. Ал 69-минутта Рауль Хименес пенальтиден гол соғып, матчтың көрігін қыздыра түсті.

Кездесудің соңғы минуттарында Мексика есепті теңестіруге тырысқанымен, Англия жеңісті сақтап қалды.

Ширек финалда Англия бұған дейін Бразилияны жарыстан шығарған Норвегиямен кездеседі. Матч 12 шілдеде өтеді.

Мұның алдында Англия құрамасы Конгоны ДР 2:1 есебімен қапы қалдырып, 1/8 финалға шыққан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар