Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Трамптың бір ауыз сөзі әлем чемпионатында үлкен дау-дамай тудырды

kz.kursiv.media

Трамптың бір ауыз сөзі әлем чемпионатында үлкен дау-дамай тудырды

FIFA қызыл қағаз алып, ойыннан шеттетілген АҚШ құрамасының шабуылшысы Фоларин Балогунді қайта алаңға шығармақ.

Reuters ақпаратына қарағанда, бұған АҚШ президенті Дональд Трамптің араласуы себеп болған. Соның нәтижесінде футболшы Бельгияға қарсы әлем чемпионатының 1/8 финалында алаңға шықпақ.

Балогун бұған дейін Босния және Герцеговинамен ойында қызыл қағаз алып, келесі кездесуді өткізіп жіберуі тиіс еді. Алайда Трамп ФИФА президенті Джанни Инфантиномен сөйлесіп, шешімді қайта қарауды сұраған.

ФИФА қызыл қағаздың күшін жоймай, дисквалификацияны бір жылдық сынақ мерзіміне кейінге қалдырды. Егер осы уақыт ішінде Балогун дәл осындай тәртіп бұзушылық жасаса, жаза автоматты түрде күшіне енеді.

Бұл шешім үлкен дау туғызды. Бельгия футбол қауымдастығы ФИФА өз ережелеріне қайшы әрекет етті деп мәлімдеп, турнир регламентіне сәйкес қызыл қағаз алған футболшы келесі матчты міндетті түрде өткізіп жіберуі тиіс екенін еске салды.

Ал АҚШ құрамасының бас бапкері Маурисио Почеттино бұл шешімді қолдап, қызыл қағаздың өзі әділетсіз болғанын айтты.

Айта кететін жайт, АҚШ құрамасы Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен сенімді түрде ұтты. Америкалықтар мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар