ХАМАС Газа секторындағы басқарудан бас тартып, үкіметін таратты
Палестинаның ХАМАС тобы жиырма жылға жуық Газа секторын басқарған үкіметін таратынын мәлімдеді. Олар «Төтенше басқару комитетін» таратып, басшысы Мұхаммед әл-Фарраны отставкаға жіберді деп жазады Euronews.
«Үкіметтің төтенше комитетінің басшысы Мұхаммед әл-Фарра ресми түрде отставкаға кетті. Ол сондай-ақ Газаны басқару жөніндегі ұлттық комитетке (NCAG) әкімшілік және басқарушылық ауысу үдерісін жеңілдету үшін комитетті тарату туралы шешім қабылдады», – деп хабарлады ХАМАС үкіметтік медиа-кеңсесінің жетекшісі Исмаил ат-Таубат.
2007 жылы бәсекелес ФАТХ палестиналық қозғалысынан билікті тартып алып, содан бері Газаны бақылауда ұстап келген ХАМАС үшін бұл қадам елеулі саяси бетбұрысты білдіреді.
Соңғы айларда Израиль күштері Газа аймағының 70%-ға жуығын бақылауға алған. Олар ХАМАС-тың билікке келуіне толықтай қарсы және басқару Рамаллахта орналасқан Палестина әкімшілігіне өту керек деген ұсынысқа толығымен қарсы.
Ал ХАМАС өз арсеналының белгілі бір бөлігін өзге билеуші топқа бергенге дейін Палестина әкімшілігін құруды талап етіп отыр.
Еске салайық, 23 маусымда БҰҰ Газа секторына қатысты арнайы зерттеуін жариялаған. Оған сенсек, Израиль әдейі палестиналық балаларға қарсы соққы жасап отырған.
Тағы да оқыңыз: Соғыс картасы: қазір әлемнің елу шақты елінде әскери қақтығыс жүріп жатыр
- Соңғы
-
-
- Шілде, 06
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 05
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
7 шілде 2026