Уимблдон – 2026: Александр Бублик ширек финалға шыға алмады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Ұлыбританияда өтіп жатқан беделді Уимблдон турнирінің 1/8 финалында жеңіліс тапты. Отандық теннисші АҚШ өкілі Тэйлор Фрицпен өткен тартысты кездесуде турнирмен қоштасуға мәжбүр болды.
6 шілдеде өткен бәсеке 3:0 есебімен америкалық спортшының пайдасына аяқталды.
Кездесудің жалпы ұзақтығы 1 сағат 41 минутты құрады. Оның ішінде бірінші сет 41 минутқа, екінші сет 29 минутқа, ал үшінші шешуші сет 31 минутқа созылды.
Осылайша, Александр Бублик биылғы Уимблдон турнирін үздік 16 теннисшінің қатарында аяқтады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина да Уимблдон турнирін ерте аяқтаған еді.
- Соңғы
-
-
-
- Шілде, 06
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 05
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
7 шілде 2026