Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бразилияның бағы тайды – Холандтың дублі Норвегияны ширек финалға шығарды

kz.kursiv.media

Бразилияның бағы тайды – Холандтың дублі Норвегияны ширек финалға шығарды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Норвегия құрамасы Бразилияны 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Кездесу АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы MetLife Stadium стадионында өтті.

Матчтың 14-минутында бразилиялық Бруно Гимарайнс пенальтиден мүлт кетті. Екінші таймның 67-минутында алаңға Неймар шықты.

Норвегия шабуылшысы Эрлинг Холанд 79-минутта есеп ашып, 90-минутта дубль авторы атанды. Ал матчтың қосымша уақытында (90+10) Неймар пенальтиден бір гол қайырды.

Ширек финалда Норвегия Мексика – Англия жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал Бразилия құрамасы турнирмен қоштасты.

Плей-офф кезеңіндегі ойында 30 маусым күні 1/16 финал аясында Норвегия Кот-д’Ивуар құрамасын 1:2 есебімен ұтқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар