Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Көлсайда 16 жастағы қызды жылан шағып алды

kz.kursiv.media

Көлсайда 16 жастағы қызды жылан шағып алды

Алматы облысындағы Көлсай көлдері аумағында 16 жастағы қызды жылан шағып алды.

12.kz ақпаратына қарағанда, демалушылар кезекшілік атқарып жүрген жедел-құтқару жасағының қызметкерлеріне дереу хабарлап үлгерген.

Артынша, құтқарушылар жылан шаққан жасөспірімге жедел көмекке келген. Алдыммен зардап шеккен жасөспірімге әмбебап құтқару бекетінде жедел алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Одан кейін қызметтік автокөлікпен медициналық мекемеге жеткізілді.

«Жылы мезгілде жыландар белсенді болады. Табиғат аясында демалу кезінде сақтық шараларын сақтаңыз, белгіленген соқпақтардан шықпаңыз. Демалыс орнын мұқият тексеріңіз және жыландарға жақындамаңыз әрі оларды ұстауға тырыспаңыз. Жылан шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініңіз және 112 нөміріне хабарласыңыз», – деп ескертті ТЖМ.

Мұның алдында Атырау соты бір тұрғынның үйінде асырап келген алып питонын мемлекет меншігіне өткізген болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар