Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Фортификацияланған ұнды қолдан!

kz.otyrar.kz

Фортификацияланған ұнды қолдан!

Бүгінгі таңда азық-түлік өнімдерінің көпшілігі технологиялық өңдеу нәтижесінде пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Оларды қалпына келтіру тәсілі- байыту немесе Фортификация деп аталады.

Ол дегеніміз ұнды дәруменермен және микроэлементтермен байытып, күнделікті қолданғаннаң соң адам ағзасына пайда әкелетін жағдай. Бұл мәселе біздің еліміздің заңнамасында да қарастырылған, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде ұнның жекелеген түрлерін микроэлементтермен және дәрумендермен міндетті түрде байытуы көзделген. Осының негізінде ұн зауыттары ұнды темір, мырыш, фолий қышқылымен, дәрумендерден тұратын витамінді-минералды кешенмен (премикспен) байытады. Тек жоғары және бірінші сұрыпты ұн ғана байытуға жатады.

Витаминдермен және микроэлементтердің жеткіліксіздігі анемия ауруына әкеліп соғу мүмкін. Байытылған ұнды пайдалану арқылы анемия ауруының таралуын азайтуға болады. Темір тапшылығынан жер бетінде күнделікті 2 миллиард адам зардап шегеді.

Мысалы:Тыныс алғанда біз оттегін тұтынамыз. Біздің денеміздегі темір бөлшектері оны тасымалдап,денеміздегі барлық мүшелеріне жеткізеді. Қандағы темірдің жеткіліксіздігі анемия немесе темір тапшылығының анемиясын тұдырады. Анемия салдары көбінесе жасырын өтеді. Алайда анемия әсері ғылыми дәленденген: ана өлімінің — 40 %,балалар дене салмағының жеткіліксіздігі-20-40%, ақыл-ой еңбегіне-5 %, қол еңбегіне-17% дейін әкелу мүмкін. Одан басқа балалардың темір тапшылығы әлсіз интелектуалдық дамуға,акыл-ой (ІQ) коэффицентінің төмендеуіне,физикалық және психомоторлық дамудың төмендеуне,иммунитеттің әлсіреуне,зейін мен есте сақтау қабилетін төмендеуне әкеледі.

Микроэлементтердің тапшылығы проблемасын шешу ең өзекті және кезек күттірмейтін міндеттердің бірі болып табылады.

Микроэлементтердің тапшылығын жоюдың ең тиімді жолы күнделікті аста байытылған ұнды (фортификация) қолдану. Сонымен қатар құрамында қажетті микроэлементтер немесе витаминдері бар таблетка немесе сироп түріндегі препараттарды қабылдау, азық-түлікті байыту — тағамды маңызды микроэлеметтермен және дәрумендермен байыту (бидай ұнын темірмен, фолий қышқылымен, дәрумендермен және ас тұзды йодпен байыту), тамақтану әдеттерін өзгерту-микроэлеметтермен және витаминдермен бай тағамдарды тұтынуын арттыру.

Дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасында нан және ұн өнімдері тамақ рационында үлкен бөлігін құрайды, сондықтан ең тиімді өнім болып табылады.Бидай-дүние жүзінде ең көп таралған дәнді дақыл. Өсірілген бидайдың басым бөлігі адам тұтынуына пайдаланады және тұтыну арқылы адам ағзасы тағамға байланысты күнделікті энергия қажеттілігінің 17-45 % дейін қанағаттандырады. Адам ағзасына керекті микроэлеметтер дәннің сыртқы қабығында болғандықтан,олардың көпшілігі өңдеу кезінде жоғалады.Соңғы жылдары пайдалы микроэлеметтертерді ұнға қосудың шұғыл қажеттілігі туындады.

Республикада ұнды байыту үшін халықтың қажеттілігін, географикалық және Орталық Азияның басқа да факторларын ескере отырып, Қазақ тағамтану академиясы арнайы әзірленген витаминдермен минаралды қоспасы (премикс) қолданады. Премикстің құрамында: В1 витамині (тиамин)-1,3%, В2(рибофлавин)-2 %, В3(ниацин)-6,7 %, фолий қышқылы-1 %, темір-33,5 %, мырыш-14,7 %.

Байытылған ұн пісірілгенде өзінің көректік заттарын-95 пайызға дейін сақтайды. Байытылған нандар мен нан өнімдерден басқа, темирге бай тағамдарды жеуге тырысыңыздар,олар бұршақ, маш, жарма,жүгері,жасыл көкөністер.Көбірек жаңа піскен көкөністер мен жемістерді жеңіздер. Естеріңізде болсын шай,кофе тағамдағы темірдің сіңіуне 70-100 % кері әсерін тигізеді . Сол себептен шай,кофені тамақтану кезінде емес, 30 минутаң соң ішсеңіз болады. Шай ,кофе орнына- минералды су,шырын ,компот ішсеңіз болады. Өзіңізді және отбасыңызды қорғаңыз!

Шымкент қаласыАбай ауданының СЭББ

бас маманы Г.С.Пайзиева

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар