Шымкентте сауда орталығында тегін медициналық тексеру ұйымдастырылды
Шымкентте тұрғындардың денсаулығын нығайтуға бағытталған профилактикалық акция ұйымдастырылды. «ОӘД» сауда орталығында өткен «Денсаулық бұрышы» аясында қала тұрғындары мен сауда орталығының қызметкерлері білікті дәрігерлердің тегін қабылдауына қатысып, денсаулықтарына қатысты кеңес алды.
Акция Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы бойынша филиалының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. «Алинур и К» клиникасының жалпы тәжірибелік дәрігері мен кардиолог, невропатолог және уролог сынды бейінді мамандары тұрғындарды қабылдап, қажетті медициналық кеңестер берді.
Сонымен қатар келушілерге экспресс-тексерулер жүргізіліп, қан қысымы мен қандағы қант деңгейі өлшенді. Нәтижесінде 100-ге жуық адам дәрігерлердің қабылдауынан өтіп, денсаулық жағдайын тексеруге мүмкіндік алды.
– Мұндай профилактикалық акциялар созылмалы аурулардың алдын алуға, дертті ерте кезеңде анықтауға және тұрғындардың денсаулық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Сондықтан Қор филиалы тарапынан осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді Қор филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарова.
Айта кетейік, акцияны ұйымдастырудағы басты мақсат – тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттырып, аурулардың алдын алу мен ерте диагностикалаудың маңызын кеңінен насихаттау. Ұйымдастырушылар игі бастаманы жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, алаң ұсынған «ОӘД» сауда орталығының басшылығына алғыс білдірді.
- Соңғы
-
-
-
-
- Шілде, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 шілде 2026