Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ERG-дің Бразилиядағы тау-кен активін португалиялық инвестор сатып алмақ

kz.kursiv.media

ERG-дің Бразилиядағы тау-кен активін португалиялық инвестор сатып алмақ

Eurasian Resources Group (ERG) өзінің Бразилиядағы ірі тау-кен активі — Bahia Mineração (BAMIN) компаниясын сату жөніндегі келіссөзді аяқтауға жақын қалды. BNamericas басылымының хабарлауынша, португалиялық Mota-Engil тобымен арадағы бұл мәміл екі айдың ішінде өзара келісіммен жабылуы мүмкін.

BAMIN — орасан зор инфрақұрылымдық және өндірістік кешенді қамтитын бірегей жоба. Оның құрамына:

ERG бұл активті 2008 және 2010 жылдары екі траншқа бөліп, жалпы жиынтығы 976 млн АҚШ долларына ($1 млрд-қа жуық) сатып алған болатын.

Алайда, кен орнын, теміржол мен портты толыққанды іске қосып, дамыту орасан зор капиталды талап ететіндіктен, холдинг соңғы жылдары жобаға инвестор әрі жаңа иесін іздеумен айналысты.

Сарапшылардың бағалауынша, бұл жобаны толық жүзеге асыру үшін 5 млрд долларға жуық инвестиция қажет.

Қазірдің өзінде Бразилия үкіметі Porto Sul портының құрылысына 6,6 млрд реал ($1,3 млрд) көлемінде жеңілдетілген қаржы бөлген. Дегенмен, бұл мемлекеттік қолдау қаражаты актив толықтай жаңа меншік иесінің қолына өткеннен кейін ғана бөлінеді.

Бастапқыда келісімге бірінші жартыжылдықтың соңына қарай қол қою жоспарланған еді. Бірақ ERG-нің меншік иелері құрамындағы елеулі өзгерістер келіссөз мерзімін біршама шегерді.

Мамыр айында кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп Nature Energy Solutions Ltd. компаниясы арқылы Патох Шодиев пен Александр Машкевичтің мұрагерлерінің үлестерін сатып алып, холдингтің 39,3% акциясына иелік етті. Қазіргі уақытта ERG акцияларының 40%-ы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ал 20,7%-ы Ибрагимовтар отбасына тиесілі.

Корпоративтік құрылымдағы осы өзгерістер тараптар арасындағы келісімшарттарды қайта қарап, реттеуді талап етті. Соған қарамастан, қазіргі уақытта тараптар алдын ала келісімге қол қойып, тиісті аудиторлық тексерісті (due diligence) жүргізіп жатыр.

Португалиялық Mota-Engil тобы үшін бұл мәміле – өзіндік экспорттық инфрақұрылымы бар Бразилиядағы ең ірі темір кені жобаларының біріне шығуға берілген үлкен мүмкіндік. Айта кету керек, Mota-Engil компаниясының негізгі акционерлерінің бірі — қытайлық ірі China Communications Construction Company (CCCC) холдингі.

Әзірге алдағы мәміленің нақты бағасы ресми түрде жарияланған жоқ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар