Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақмола облысында жүк көлігі апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

kz.kursiv.media

Ақмола облысында жүк көлігі апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

Жеңіл автокөліктің жүргізушісі, алдын ала мәліметтер бойынша, жол жұмыстарын жүргізіп жатқан жүк көлігімен соқтығысуға жол берген.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 шілдеде сағат 15:00 шамасында Астана-Петропавл автожолының 157-шақырымында Бұланды ауданында Audi Q8 және MAN автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Көкшетау бағытында келе жатқан Audi Q8 автокөлігінің жүргізушісі жол жұмыстарын жүргізіп жатқан жүк автокөлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан Audi Q8 жүргізушісі мен оның бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады ведомство.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды. Апаттың мән-жайы мен себептері анықталуда.

Айта кетейік, Алматыда «Гелендваген» мен Suzuki көліктері соғысып, екі адам қаза тапқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар