Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытайдан келген инвесторды зорлады деген күдікпен мәслихат депутаты қамауға алынды

kz.kursiv.media

Қытайдан келген инвесторды зорлады деген күдікпен мәслихат депутаты қамауға алынды

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті ретінде қамауға алынды.

Бұл ақпаратты Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады полиция департаменті.

Halyqstan ақпаратына қарағанда, Бәйдібек аудандық полиция бөліміне Алматы қаласының тұрғынынан арыз түскен. Әйелдің айтуынша, ол Қытайдан келген төрт әлеуетті инвестормен бірге Байжансай ауылына қорғасын-мырыш кенін өндіру жобасын талқылау үшін барған.

Басылым дерегінше, қонақтарды аудандық мәслихат депутаты Ерғали Аманбаев қарсы алып, бірге жүрген. Кейін ол инвесторларға демалыс ұйымдастырған.

Арызда депутаттың Қытайдың 34 жастағы азаматшасын көлігімен елді мекеннен тыс жерге алып барып, оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскені айтылған.

Айта кетейік, Ерғали Аманбаев бұған дейін де жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін қоғам назарын аударған. Шымкент қаласының соты 2025 жылғы 22 тамыздағы шешімімен оны бір жылға көлік басқару құқығынан айырған болатын.

Айта кететін жайт, Ақтөбе қалалық мәслихат депутаты Аслан Қайырғалиев үйлену тойындағы беташарға 4 млн теңге салғаны әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар