Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алакөлде су ортасында қалған отбасы эвакуацияланды

kz.kursiv.media

Алакөлде су ортасында қалған отбасы эвакуацияланды

Алакөлде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері үрлемелі қайықпен су ортасында қалып қойған 6 адамды аман-есен жағаға шығарды. Құтқарылғандардың төртеуі – бала.

Абай облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының мамандырылған станциясына Мақаншы ауданындағы Аралтөбе аралы маңында демалушылар тобының көмекке мұқтаж екені туралы дабыл түскен. Олардың жағаға өздігінен жетуге мүмкіндігі болмаған.

Құтқарушылар тобы дереу оқиға орнына аттанып, жағалаудан 11 шақырым жерде қайықты тапты. Төтенше жағдайдың туындауына үрлемелі қайық аккумуляторының істен шығуы себеп болған.

ТЖМ мамандары қайықтағы барлық азаматтарды қауіпсіз қайыққа мінгізіп, жағаға жеткізді. Зардап шеккендердің ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және техниканың жарамдылығын алдын ала тексеруді ескертеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар