Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Математикадан әлемдік дода: Қазақстан 22-орын алды

kz.kursiv.media

Математикадан әлемдік дода: Қазақстан 22-орын алды

Қазақстандық оқушылар әлемнің ең мықты жас математиктері жиналған додада жүлдесіз қалған жоқ. Шанхайда өткен 67-ші Халықаралық математикалық олимпиадада Қазақстан құрамасының алты мүшесі де медаль иеленді.

Командалық рейтингтің үздік 30 елі. Орындар құрамалардың алты есептен жинаған жалпы ұпайы бойынша анықталды.

Ұлттық құрама жарыс қорытындысында 141 ұпай жинап, 117 елдің арасынан 22-орын алды. Қазақстанның нәтижесі 19-орынды бөліскен Болгария, Германия және Малайзиядан небәрі бір ұпайға төмен болды. Ал 140 ұпай жинаған Словакия мен Тайвань Қазақстаннан кейінгі 23-орынға тұрақтады.

Қазақстан қоржынына күміс медаль салғандар:

• Тимұр Мұрат — Алматыдағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;

• Әли Еркебұланұлы — Алматы қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

• Батырхан Бейганов — Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.

Қола жүлдеге ие болғандар:

• Ерасыл Алтынбек — Алматы қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

• Марғұлан Шарел — Астана қаласындағы Spectrum халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;

• Әмірлан Аманжолов — Алматыдағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

Осылайша олимпиадаға қатысқан қазақстандық алты оқушының барлығы медаль иеленді.

Қазақстан құрамасына Асылбек Әбдіашымұлы Исахов пен Қанат Қайратұлы Сәтілханов жетекшілік етті.

Асылбек Исахов — Қазақстан-Америка еркін университетінің президенті. Ал Қанат Сәтілханов халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар