Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Семей орманындағы" өрт толығымен сөндірілді

kz.kursiv.media

Семей орманындағы өрт толығымен сөндірілді

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында 16 шілдеде басталған орман өрті толық сөндірілді. Бұл туралы Экология министрлігі мәлімдеді.

Орман өрті «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Камышенка орман шаруашылығында тіркелген.

«Өртті сөндіруге Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Барлық тартылған қызметтердің бірлескен әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт толық жойылды», – делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетейік, «Семей орманы» резерваты аумағындағы өрт аспаннан және жерден сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 800-ден астам адам, 204 бірлік техника және 8 әуе кемесі жұмылдырылды. Өрт 18 шілдеде оқшауланған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар