Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанның батысындағы шаңды дауыл жеті сағатқа созылды

kz.kursiv.media

Қазақстанның батысындағы шаңды дауыл жеті сағатқа созылды

26 шілдеде Қазақстанның батысындағы шаңды дауыл жеті сағатқа созылды. Мәліметті Сауд Арабиясы ұлттық метеорология орталығына қарасты мекеме жариялады.

Арабтардың «Аймақтық құм және шаңды дауылдар орталығы» (Regional Center for Sand and Dust Storms) дерегінше, жексенбі күні Еуразиядағы бес елде шаңды дауыл тұрды. Олар: Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Йемен және Сауд Арабиясы.

Орталық жариялаған картада Қазақстандағы шаңды дауыл Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағында – Атырау өңірі аумағында болғанын көреміз.

Бір күн бұрын Иорданияда 18 сағат, Йеменде 14 сағат бойы шаңды дауыл тұрған. Ол Сауд Арабиясында үш, БАӘ-де екі сағатқа созылған.

Айта кетейік, Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі 27 шілдеде де елдің батысында шаңды дауыл тұратынын ескертті. Дүйсенбі күні күндіз Маңғыстау облысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар