Маусым айында халықтың доллар мен еуроға деген сұранысы артты
Маусым айында айырбастау пункттеріндегі таза валюта сатылымы айтарлықтай өзгерді. Доллар мен еуроға сұраныс артып, халық рубльді сатып жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк статистикасында жазылған.
АҚШ долларына деген сұраныс едәуір өсті. Себебі мамырдағы 65,32 миллиард теңгелік көрсеткіш маусым айында 126,52 миллиард теңгеге дейін ұлғайып, 93,7 пайыз артты.
Еуро сатылымы да ұқсас динамика танытып, екі есе артты Яғни мамырдағы 11,62 миллиард теңгеден маусымда 25,68 миллиард теңгеге дейін көтерілді.
Британ фунт стерлингіне деген қызығушылық ең жоғары өсімді көрсетіп, мамырдағы 82,95 миллион теңгеден маусымда 308,35 миллион теңгеге жетіп, 271,7 пайызға ұлғайды.
Ал Қытай юанінің сатылымы керісінше төмендеп, мамырдағы 86,86 миллион теңгеден маусымда 76,91 миллион теңгеге азайып, 11,5 пайызға кеміді.
Ресей рублі бойынша көрсеткіштер теріс болып қала берді, бұл халықтың айырбастау пункттеріне валютаны сатып алғаннан гөрі көбірек тапсырғанын білдіреді. Мамыр айында халық 30,02 миллиард теңге рубльді сатса, маусымда бұл теріс айырма қысқарып, 17,55 миллиард теңгені құрады.
Маусым айында теңге бағамы нығайып, доллар арзандаған болатын.
- Соңғы
- Шілде, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 шілде 2026