Үнді жастарының ереуілі кезінде автомат қолданған полицей қызметтен алынды
Үндістан билігі демалыс күндері студент жастардың ереуілін күшпен тарату барысында әуеге оқ атқан полицейді қызметтен алды. Бұған дейін Нью-Дели оқу министрін жұмыстан шығарған.
Қару қолдану оқиғасы сенбі кені елдің шығысындағы Сиван қаласында (Бихар штаты) болған. Өздерін тарақандар деп атайтын жастар қозғалысы барысында бір шенді Калашников автоматымен үш мәрте әуеге оқ атқан. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Дегенмен билік оның әрекетін орынсыз деп атап, қару қолданған полицейді қызметтен алды.
Айта кетейік, Үндістанда жастар мен студенттер ереуілі маусым айынан бері өршіп тұр. Толқуға емтихан жауаптарының тарап кетуі себеп болды. 25 шілдеде премьер-министр Нарендра Моди үкіметі оқу министрін қызметтен алуға мәжбүр болды. Өйткені Тарақан жастар қозғалысының бес аптаға созылған ереуілдері бүкіл елге тарап барады. Бұған дейін жастарға Индира Гандидің екі немересі қолдау көрсетіп, үкіметтің қызметтен кетуін талап еткен.
- Соңғы
- Шілде, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 шілде 2026